Maqsut Narikbayev University Халықаралық журналистика мектебінің өкілдері кәсіби бағдар беру жұмысы аясында @atlasacademy.kz академиясының оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар медиа саласының ерекшеліктерімен және журналист мамандығының қыр-сырымен танысты. Спикерлер журналист болу үшін қажет негізгі дағдылар туралы айтып, заманауи медиа ортада сыни ойлау, коммуникациялық қабілет және жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, оқушыларға Maqsut Narikbayev University-дің Халықаралық журналистика мектебіне түсу тәртібі мен қабылдау ережелері туралы толық ақпарат берілді.
Кездесу жастардың кәсіби бағдарын айқындауға және журналистика саласына қызығушылығын арттыруға бағытталды. Қарау