13 наурызда Maqsut Narikbayev University-де Lawmaker ғылыми клубының екі жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл маңызды оқиға академиялық және кәсіби қоғамдастық өкілдерін, клуб серіктестерін және Заң мен заңнамаға қызығушылық танытатын студенттерді жинады.

Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында Өзбекстан елшілігінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР парламентаризмді дамыту қорының президенті, Астана қаласы Сот әкімшілігінің басшысы, Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары және “Қазақстандағы парламентаризмді дамыту Қоры”ҚҚ президенті болды.
MNU Orchestra жанды орындауы салтанатты кешке ерекше сән мен шабытты атмосфера сыйлады.
Мерекенің ең жарқын сәттерінің бірі студенттерге арналған интеллектуалды квест болды. Ол қатысушыларға өздерінің эрудициясын, аналитикалық ойлау қабілетін және құқықтық білімдерін көрсетуге мүмкіндік берді. Қызықты да тартысты бәсекеде жеңісті “Bir” командасы қанжығасына байлады:
- – Тұрсынбеков Асылжан (Құқықтану);
- – Тұрсынбеков Мейрімжан (Құқық қорғау қызметі);
- – Тоқа Дәуітбек (Құқық қорғау қызметі);
- – Бегимбетов Бақдәулет (Халықаралық құқық).
Жеңімпаздар естелік сыйлықтар мен университеттің мерчін иеленіп қана қоймай, әріптестері мен оқытушыларының құрметіне бөленді.
Екі жыл ішінде Lawmaker ғылыми клубы өзекті құқықтық мәселелерді талқылау, білім алмасу және ғылыми қауымдастықты нығайту бойынша жетекші алаң ретінде танылды. Ұйымдастырушылар барлық қонақтар мен серіктестерге қолдау көрсеткені және клубтың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, мұндай бастамалардың құқық саласындағы болашақ көшбасшыларды қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.

