ҚР Қорғаныс министрлігінде әскери бөлімдер мен құрамалардың командирлері үшін қазіргі жас ұрпақпен жұмыс істеудің ерекшеліктеріне арналған оқу-әдістемелік сабақ ұйымдастырылды. Спикер ретінде Maqsut Narikbayev University Senior Lecturer-ы Анна Поздеева сөз сөйледі.
Тәжірибелік психолог Анна Поздеева «Қазіргі жас жігіт кім?» тақырыбында дәріс оқыды. Ол бүгінде Қарулы күштерге дүниетанымы цифрлық орта мен қарқынды әлеуметтік өзгерістер жағдайында қалыптасқан Z ұрпағы мен Alpha буынының алғашқы өкілдері келетіндігі айтылды. Спикердің пікірінше, бұл командирлерден жеке құраммен жұмыс істегенде икемдірек тәсілдер қолдануды талап етеді.
Анна Поздеева қазіргі заманғы әскерге шақырылушының психологиялық портретін талдап, олардың тез ақпарат алуға үйренгенін атап өтті. Сонымен қатар бөлімшелердегі моральдық-психологиялық ахуалға ерекше назар аударылды. Сабақ барысында көрнекі оқу әдістерін қолдану, нақты әрі түсінікті тапсырмалар қою, сондай-ақ әскери қызметшілерді қазіргі заманғы техника мен цифрлық технологиялармен жұмысқа тарту бойынша тәжірибелік ұсыныстар берілді.
«Олар технологияларды тез меңгеретін, дәстүрлі ойлаудан тыс ойлана білетін және күрделі тапсырмаларды тиімді шешуге қабілетті жастар. Біздің міндетіміз – оларға жаңа үлгідегі білікті, әділ және кәсіби көшбасшы болу», – деді Анна Поздеева.
Министрлік сабақ қорытындысы бойынша оқытушының ұсыныстары ескерілетінін, ал дәріс материалдары аясында әдістемелік нұсқаулар дайындалып, олар әскери бөлімшелерге қолдану үшін жіберілетін болатынын атап өтті.



