Maqsut Narikbayev University-де жыл сайынғы «Jas Kenes Siylygy» жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталғаны хабарланды. Бұл тәуелсіз байқау өткен жылдан бастап ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен өткізіліп келеді.

Байқау 14 пен 35 жас аралығындағы елдің экономикасы мен қоғамдық өмірінің маңызды салаларында ерекше көзге түскен қазақстандықтарға табысталады. Өтінімдер 21 шілдеге дейін байқаудың ресми сайтында қабылданады. Іріктеу үш кезең бойынша өтеді. Жүлде қоры – 20 миллион теңге.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл әр номинация бойынша екі жеңімпаз анықталады. Олар құқық қорғау, медицина, өндіріс, инклюзия, білім беру, азаматтық қорғау, елді мекендердің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және IT салаларындағы ең үздік жастарды марапаттауды жоспарлап отыр. Айта кетейік, әр жеңімпаз бір миллион теңгеден алады.