
Maqsut Narikbayev University жасанды интеллект бойынша жаңа академиялық бағдарламаны іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Euronews ақпараттық телеарнасының «Modern Nomads» бағдарламасында айтылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Бағдарламаның жаңа шығарылымында Alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысы, елдегі онлайн мемлекеттік қызметтерді кеңейту және MNU-дағы ЖИ жобалар туралы айтылды. Бұған дейін университет студенттеріне жасанды интеллект бойынша міндетті курс енгізіліп, екі ЖИ зертхана іске қосылған болатын.
«Біз AI+X гибридті бағдарламасын әзірледік, онда студенттер алғашқы екі жылда IT пәндерін тереңдетіп оқиды. Бұл тек техникалық бағдарлама емес, өйткені әрі қарай студенттер университеттің кез келген академиялық бағытын таңдай алады. Осылайша, түлектер әр түрлі пәндерде ЖИ-ді қолдану дағдыларына ие болады», – деді MNU Басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары Сергей Пен.
Сергей Пен ЖИ университеттерді алмастыруға емес, оларды түрлендіруге арналғанын атап өтті. Айта кетейік, бұған дейін MNU оқу процесіне ЖИ технологияларын енгізудің кешенді моделін ұсынды, сондай-ақ серіктестермен бірлесіп заңгерлік құжаттарды әзірлеуге көмектесетін ЖИ моделін құру жөніндегі LegalTech Lab жобасын іске қосуды жариялаған болатын. Бұдан басқа, биыл университет OpenAI компаниясының ChatGPT Edu білім беру платформасына қосылады.