Maqsut Narikbayev University студенттері беделді студенттік сайыста жеңіске жетті. Олар IAC Central Asia Vis Pre-Moot 2026 төрелік тыңдау бойынша жыл сайынғы халықаралық оқу конкурсында бірінші орынды иеленді.
Байқау АХҚО Халықаралық төрелік орталығында жастарға арналған Еуразиялық төрелік апталығы аясында өтті. Vis Moot нақты практикалық құқықтық мәселені қолдану арқылы халықаралық іскерлік дауларды шешу және халықаралық коммерциялық құқық пен төрелікті зерттеуге бағытталған студент-заңгерлер арасындағы әлемдегі ең ірі жарыс. Байқау АҚШ, Армения, Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Францияның студенттік командаларын біріктірді.
Жеңімпаздар командасының құрамында MNU Құқық жоғары мектебінің студенттері – Айша Күрлеутова, Ақнұр Әбдіманова, Шырын Махмұтәлиева және Аяна Мыңбаева. Команда бапкерлері Аңсар Ысмағұлов, Мари С.Бергнер және Үсен Тастанбеков болды. Сонымен қатар Аяна Мыңбаева жалпы раундтағы үздік шешен, ал Шырын Махмұтәлиева финалда үздік шешен атанды.
Бірінші орын MNU-ға осы айда Гонконгта өтетін 23-ші Vis East Moot-та ел атынан қатысуға мүмкіндік берді. Айта кетейік, өткен аптада университет әлемдік CFA инвестициялық олимпиадасының қазақстандық кезеңінде жеңімпаз атанды.
