Maqsut Narikbayev University-де «Қазақстанның жаңа конституциялық моделі: орнықты әрі заманауи мемлекет жолында» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада елдегі саяси және институционалдық трансформацияның негізгі бағыттарына арналған талдамалық баяндама таныстырылды.
Баяндаманы шетелдік және отандық сарапшылар тобы дайындады. Құжаттың авторлары саяси және институционалдық жаңғырту жағдайында Қазақстанның конституциялық моделінің даму келешегіне қатысты өз көзқарастарын ұсынды. Баяндамада конституциялық реформаның логикасы, оның институционалдық параметрлері, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері және мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының құндылықтық бағдарлары талданады.
Іс-шара ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтымен бірлесіп ұйымдастырылды. Институт директоры Жандос Шаймарданов конституциялық реформа елдегі саяси және институционалдық трансформацияның кең ауқымды үдерісінің бір бөлігі екеніне тоқталды. Сонымен қатар MNU Басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары Сергей Пен конституциялық реформа басқару жүйесін нығайтуға, саяси жүйені жаңғыртуға және мемлекеттік институттарды дамытудың жаңа сын-қатерлеріне бейімдеуге бағытталған институционалдық өзгерістерді бекітетінін атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар ұсынылған талдамалық баяндама бойынша пікір алмасты. Сарапшылар конституциялық реформаны халықаралық сарапшылық қауымдастық аясында одан әрі талқылау Қазақстандағы саяси және институционалдық жаңғырту үдерістерін тереңірек түсінуге ықпал ететініні туралы ойларымен бөлісті. Талдамалық баяндамамен осы сілтеме арқылытанысуға болады.








