Maqsut Narikbayev University профессорлары мен қызметкерлері Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) құрамына енді. Консультативтік-кеңесші орган күні кеше Қазақстан Президентінің жарлығымен бекітілді.
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында атап өткендей, комиссия барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын әзірлейді. Комиссияның құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, мәслихаттардың төрағалары, БАҚ басшылары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, өңірлердегі қоғамдық кеңестердің, сарапшы және ғылыми қоғамдастықтардың өкілдері кірді. Олардың қатарында Emeritus Professor-лар Сергей Ударцев пен Үнзила Шапақ, Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев және Assistant Professor Индира Әубәкірова бар.
Айта кетейік, MNU ғылыми қауымдастығы қолданыстағы ҚР Конституциясын әзірлеуге де белсене атсалысты.