Maqsut Narikbayev University Халықаралық экономика мектебінің профессорлары Өркениеттерді өзара байыту контексіндегі Қытай мен Орталық Азияның ынтымақтастығы жөніндегі ғылыми форумға қатысты. Іс-шара Қарамай қалалық округінде өтті.
Халықаралық іс-шара жетекші ғалымдар мен сарапшыларды біріктірді. Форумға қатысушылар мәдени алмасу, орнықты даму және өңірлік ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Ұйымдастырушы Пекин шетелдік зерттеулер университеті болды.
Форумда MNU Assistant Professor-лары Шаяхмет Тоқубаев пен Нұржанат Әметбек сөз сөйледі. Олар «Бір белдеу – бір жол» жаһандық бастамасы аясындағы институционалдық тәуекелдер мен өңірлік ынтымақтастық туралы баяндады. Сондай-ақ сарапшылар Орталық Азиядағы интеграцияны нығайтудағы бастаманың рөлін және оның Орнықты даму мақсаттарымен ұштасуын атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін MNU «Қытай – Орталық Азия» Заңгерлік білім беру альянсына кірген болатын.


