MNU Logo
MNU Еуропалық жария құқық ұйымымен серіктестікті нығайтуда - MNU

27.01.2026

MNU Еуропалық жария құқық ұйымымен серіктестікті нығайтуда

Maqsut Narikbayev University-де Еуропалық жария құқық ұйымының (EPLO) делегациясы болды. Халықаралық ұйым өкілдері университет басшылығымен кездесіп, серіктестіктің перспективалық бағыттарын талқылады.

EPLO делегациясының сапары университеттің халықаралық академиялық байланыстарын нығайтып, серіктестікті дамытудағы жаңа бағыттарды белгіледі. Кездесу барысында тараптар әкімшілік құқық саласындағы бірлескен білім беру бағдарламасын пысықтауға келісті. Бұдан басқа, EPLO өкілдері университет профессорларына өздерінің негізгі бастамалары туралы айтып, MNU инфрақұрылымымен танысты.

Сапар аясында EPLO Итальяндық кеңсесінің директоры, профессор Бернардо Джорджо Маттарелла студенттер үшін дәріс оқыды. Спикер «Әкімшілік іс жүргізу құқығы салыстырмалы перспективада» тақырыбында сөз сөйледі. Профессор өнеркәсіптік даму, аумақтық жоспарлау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мысалдарға сүйене отырып, түрлі елдердегі мемлекеттік органдардың басқару шешімдерін қабылдау ерекшеліктерін қарастырды.

«Әкімшілік процестер күрделілігі мен шешім қабылдау уақыты бойынша ерекшеленеді. Заңнамалық және сот процестерінен айырмашылығы, олар ауқымы мен сипатына қарай әртүрлі реттеледі. Мұндай әркелкілік жария құқық саласындағы мамандар үшін үлкен сын-қатерлер тудырады. Күрделі процестерді талдауға және әкімшілік құқық саласында халықаралық тәжірибені қолдануға қабілетті кәсіпқойларды даярлау өте маңызды», – деді Бернардо Джорджо Маттарелла.

Айта кетейік, EPLO жария құқық саласындағы білімді таратумен және еуропалық құндылықтарды ілгерілетумен айналысады. Бұған дейін MNU «Қазақстан – академиялық білім аумағы» стратегиялық серіктестер форумы аясында халықаралық ұйыммен келісімге қол қойған болатын.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз