Maqsut Narikbayev University басшылығы Қытай саяси ғылымдар және құқық университетінің (CUPL) өкілдерімен кездесті. Тараптар құқық және жасанды интеллект саласындағы серіктестікті кеңейту және бірлескен зерттеулерді жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Қытай саяси ғылымдар және құқық университетінің профессорлары Линхан Чжан мен Кун Цинцзян Қытайдың құқықтық білім беру мен ЖИ-ді дамытудағы жетістіктері туралы айтып берді. Олар оқыту процесін жаһандық сын-қатерлер мен жаңа технологияларға бейімдеудің маңыздылығын атап өтті. CUPL 1952 жылы Бейжіңде құрылған және заң зерттеулері саласындағы Қытайдың үздік жоғары оқу орындарының бірі болып саналады.
Айта кетейік, бұған дейін Үрімшіде MNU мен CUPL арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Бұдан басқа, тараптар АХҚО Соты, ХТО және AITU-мен бірлесіп заңгерлік құжаттарды әзірлеуге көмектесетін ЖИ моделін құру жөніндегі LegalTech Lab жобасын іске қосу туралы жариялады.


