MNU Logo
MNU студенттері халықаралық құқық бойынша әлемдегі басты сайыста тарихи нәтиже көрсетті - MNU

07.04.2026

MNU студенттері халықаралық құқық бойынша әлемдегі басты сайыста тарихи нәтиже көрсетті

Maqsut Narikbayev University (MNU) командасы Филип Джессоп атындағы халықаралық құқық бойынша жыл сайынғы студенттік байқауда 12-ші орынға ие болды. Бұл қазақстандық студенттердің беделді конкурсқа қатысу тарихындағы ең жоғары нәтиже.

Джессоп кубогы 28 наурыз бен 4 сәуір аралығында Вашингтон (АҚШ) қаласында өтті. Сайыста ел намысын 24-ші рет MNU командасы қорғады. Сондай-ақ қазақстандық студенттер 100-ден астам мемлекеттен 806 команда қатысқан меморандум дайындау бойынша жазбаша байқауда үздік атанды.

«Бұл – ел тарихындағы үздік нәтиже. Команданың ең үздік меморандум (жазбаша құқықтық ұстаным) бойынша әлемде бірінші орынды иеленгені ерекше мақтаныш сезімін тудырады. Бұл жетістік құқықтық талдаудың тереңдігін, дәлелдеу мәдениетін және дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. Үздік нәтиженің артында студенттердің, жаттықтырушылардың және біздің бүкіл команданың орасан еңбегі тұр. Бұл тек университеттің ғана емес, бүкіл Қазақстанның үлкен жеңісі», – деп студенттерді MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев құттықтады.

Сайыс БҰҰ Халықаралық сотының қатысушылары арасындағы сот процестерін еліктейді. Турнир барысында MNU командасы АҚШ, Колумбия, Филиппин, Италия жоғары оқу орындарының өкілдерін, сондай-ақ 2024 жылғы чемпион – Филиппин университетінің қарсыластарын және 2025 жылғы чемпион – Сингапур менеджмент университетінің өкілдерін жеңді. Биылғы жылы Джессоп Кубогының иегері Сингапур ұлттық университетінің командасы атанды.

«Maqsut Narikbayev University-ді осы жетістігімен құттықтаймын. Қазақстандық команда алғаш рет осындай нәтиже көрсетті. Бұл университеттің жоғары деңгейін және үлкен ілгерілеуін көрсетеді», – деді ҚР Әділет вице-министрі Даниель Ваисов.

Тарихи нәтижеге орай MNU командасына Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінде қабылдау ұйымдастырылды. ҚР АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мағжан Ілиясов тараптардың дәлелді жарыссөздері ағылшын тілінде және оқу сот процесі форматында екі сағат бойы жүргізілетін беделді сайыста қазақстандық студенттердің жеңіске жетуінің маңыздылығын атап өтті. Университет командасының құрамында «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының студенттері Әнел Сапарғалиева, Шынар Байтон, Дана Құмарғазы, сондай-ақ жаттықтырушылар Рахымбек Көңілімқос, Зарина Темірболатова және Рамазан Көкжалов болды.

«MNU тағы бір мәрте Қазақстанды халықаралық аренада таныстыруға бірегей мүмкіндік алды. Біздің университет бұл сайысқа дайындық аясында жиі сабақтар өткізеді және барлық студенттер мен магистранттардың қатысуына мүмкіндік береді. Ұзақ уақыт бойы біздің институционалдық жадымыз сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді. Бұл меморандумда дәлелдер жазу әдісіне немесе қалай сөйлеу өнеріне ғана емес, командада жұмыс істеуге және дайындық кезеңдеріне де қатысты», – деді MNU студенті Әнел Сапарғалиева.

Айта кетейік, аталған нәтиже Қазақстанға келесі жылы байқауға екі команда жіберуге мүмкіндік берді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз