Maqsut Narikbayev University Халықаралық экономика мектебінің студенттері түрлі зияткерлік сайыстарда жүлделі орындарға ие болды. Олар Жас логистер форумында және бірнеше кейс-чемпионаттарда тамаша нәтижелер көрсетті.
MNU командасы «Орталық Азияның жаңа ұрпағы» атты жас логистердің үшінші форумында көшбасшы атанды. Іс-шараны Coventry University Kazakhstan мен Doscar Group компаниясының қолдауымен Корольдік логистика және көлік институтының (CILT) қазақстандық филиалы ұйымдастырды. Алаң болашақ мамандарды және Орталық Азиядағы логистика мен көлік көшбасшыларын біріктірді.

Байқауда өңірдің 12 жоғары оқу орнынан 100-ден астам қатысушы бақ сынады. Студенттер Әлихан Сайын, Аяжан Оразтаева және Әйтемір Түсіпқанов жасыл логистикалық хаб пен ЖИ платформа құру идеясы және макетін таныстырып, қазылар алқасының логистика тақырыбы бойынша сұрақтарына жауап берді. Сайыс қорытындысы бойынша олар қаржылай сертификатпен марапатталып, Status Management Group ірі логистикалық компаниясына ақылы тағылымдамаға шақырылды.
Студенттер Алмас Жақанов, Диляра Алмахын және Нұржігіт Қайыруллаев «Stock Pitch Competition» байқауының күміс жүлдегерлері атанды. Турнирді Nazarbayev University Қазақстандық қор биржасы, Global Ventures және Atlas Capital инвестициялық компанияларымен бірлесіп ұйымдастырды. Байқау барысында студенттер бағалау, негізгі инвестициялық драйверлер мен ұзақ мерзімді тәуекелдерге арналған Meta трансұлттық холдингтік компаниясына инвестициялар бойынша зерттеу жүргізді.


Сондай-ақ, Big4 ұлттық кейс-чемпионатында екінші орынды студент Ақжәнібек Төлеген иеленді. «Үлкен төрттік» кәсіпқойларының алдында ол нарыққа талдау жасап, қаржылық модельдер мен түрлі стратегиялық шешімдер ұсынды. Сайыс KIMEP University-де 300-ден астам адамның қатысуымен өтті.
Бұдан басқа, MNU студенттері Nazarbayev University-де жыл сайынғы Integrity Forum аясында өткен Integrity Case Championship-ке қатысты. Турнир университеттік ортада қамқорлық мәдениетін нығайтуға бағытталған бастамаларды ұсынған 35 студенттік команданы біріктірді. MNU командасы кейс-чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, бұған дейін MNU студенттері халықаралық құқық бойынша әлемдегі басты сайыста тарихи нәтиже көрсетті.