MNU Logo
MNU студенттері Қаржылық қауіпсіздік бойынша Халықаралық олимпиадасының жүлдегерлері атанды - MNU

06.10.2025

MNU студенттері Қаржылық қауіпсіздік бойынша Халықаралық олимпиадасының жүлдегерлері атанды

Maqsut Narikbayev University студенттері Красноярскідегі (Ресей) V Қаржылық қауіпсіздік бойынша Халықаралық олимпиадасының жүлдегерлері атанды. Олар екінші орынды иеленді.

Олимпиада 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтті және оған 40 елден 600-ге жуық қатысушы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша 27 оқушы мен 161 студент жеңімпаз атанды. Олардың қатарында Құқық жоғары мектебінің студенті Қуанышбек Аманбаев пен Халықаралық экономика мектебінің студенті Мақсат Тілектес те бар.

Жарыстың басты тақырыбы жаңа технологиялар – олар әлемге беретін мүмкіндіктер мен қарсы тұру қажет қауіптер болды. Бес күн бойы студенттер түрлі тапсырмаларды шешіп, ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша зияткерлік ойындарға қатысып, фиджитал-шахматтан үздіктерді анықтап, бірқатар іс-шараларға қатысты. Қазақстан намысын тоғыз жоғары оқу орнының он студенті қорғады.

Айта кетейік, студенттердің халықаралық деңгейдегі жетістіктері Maqsut Narikbayev University-нің ҚР Қаржылық мониторингі агенттігімен серіктестігінің тиімділігін растайды. MNU агенттік үшін кадрлар даярлау бойынша базалық жоғары оқу орны болып табылады. Бұған дейін, осы жылдың мамыр айында университетте Қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиаданың финалы өтті.

Maqsut Narikbayev University студенттерді жүлделі орындарымен құттықтап, табыс тілейді!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз