Maqsut Narikbayev University студенттері AIFC Court Moot 2025 Халықаралық ойын сот процестері байқауында екінші орынды иеленді. Финалда олар Шығыс Қытай саяси ғылымдар және құқық университетінің командасына есе жіберді.
Беделді халықаралық жарыс сегізінші рет өтті және Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан университеттерінің 14 командасын біріктірді. Шешуші раунд өткен аптада «Астана» халықаралық қаржы орталығының Сотында өтті. MNU намысын «Халықаралық құқық» мамандығының төртінші курс студенттері Сымбат Елтүзер, Мәлика Есжан, Әнел Сапарғалиева, Аян Қалымбеков және Сабыржан Аханов қорғады.
Moot Court – ағылшын құқығының дәстүрлеріне сәйкес сот отырысы түрінде өткізілетін әйгілі заң сайысы. Бүкіл процесс ағылшын тілінде өтіп, болашақ заңгерлер арасында бірқатар практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған. Жарысқа дайындық барысында студенттер заң проблемасын талдап, белгілі бір құқық саласын мұқият зерделеп, өз ұстанымдарын қорғау үшін арызданушы немесе жауапкердің жазбаша құжаттарын дайындайды, сондай-ақ тәжірибелі практик төрешілер алдында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын жетілдіреді. Биыл төрешілер құрамында АХҚО Сотының төрағасы Лорд Бернетт Мэлдонский, АХҚО Сотының судьясы, сэр Стивен Ричардс және АХҚО ұсақ даулар сотының судьясы Патрисия Эдвардс болды.
Айта кетейік, бұл байқау тарихында MNU жеңістер саны бойынша рекордтық көрсеткішке ие. Команда байқаудың шешуші кезеңіне 7 рет шығып, 2021-2024 жылдары үздік атанды. Бұдан басқа, күміс медальдар финалистерге АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берді.
Maqsut Narikbayev University студенттерді тамаша жетістіктерімен құттықтап, табыс тілейді!