Maqsut Narikbayev University-де студенттердің McKinsey & Company Орталық Азия кеңсесінің өкілдерімен кездесуі өтті. Big 3 компаниясының мамандары Халықаралық экономика мектебінің студенттерін кейс-чемпионатқа қатысуға шақырды.
Кездесу барысында студенттер халықаралық компанияда мансап құрудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. McKinsey & Company өкілдері консалтинг саласындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, үміткерлердің қандай дағдыларға ие болуы керектігі туралы айтып берді. Олардың қатарында жауапкершілік, өз ісіне деген шынайы қызығушылық, күрделі мәселелерді жүйелі түрде шеше білу, команданы басқару, клиенттермен кәсіби және сенімді қарым-қатынас орнату бар.
Кездесуде Astana Case Championship қатысушыларын іріктеудің басталуы туралы айтылды. Сайыстың шешуші кезеңіне 25 студент қатысады. Өткен жылы MNU студенті Диляра Алмахын кейс-чемпионаттың жеңімпаздары қатарына енді.
Айта кетейік, McKinsey & Company беделді «Үлкен үштікке» кіретін халықаралық консалтингтік компания.




