Maqsut Narikbayev University студенттері Asia Zangeri 2025 өңірлік ойын сот процестері байқауында жүлделі орындарға ие болды. Олар республиканың 11 университетінен қатысқан 62 команда арасында үздік атанды. Жарыстың финалы ҚР Конституциялық сотында өтті.
MNU Құқық жоғары мектебінің командасы қазақ тілінде сот ісін жүргізу тобында 1,2,3 орын және орыс тілі тобында екінші орын алды. Сонымен қатар, екі топта да «Үздік спикер» номинациясында жеңіске жетті. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы MNU студенттері осы байқауда бірінші орынды иеленді.
Asia Zangeri 10 қаңтар мен 16 мамыр аралығында өтіп, биыл Қазақстанның 7 қаласынан 80-нен астам студентті біріктірді. Байқаудың тақырыбы салық заңнамасын қолдану мәселелері болды, онда қатысушылар салықтың түрлі түрлері бойынша қойылған сұрақтармен белгілі бір компанияға қатысты салықтық тексеру актісі түрінде ресімделген кейсті шешті. Байқауды Fortune Partners консалтингтік компаниясы ұйымдастырды.
Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры 5 миллион теңгені құрады, онда 3,4 миллион теңгені MNU студенттері жеңіп алды.
