Maqsut Narikbayev University студенттері Астана қаласының жоғары оқу орындары арасында стритболдан үшінші орынды иеленді. Финалдық кезең күні кеше Nazarbayev University-де өтті.
Турнир 10 студенттік команданы біріктірді. Жарысты Астана қаласының әкімдігі «Esirtkisiz Elorda» жобасы мен «Заң және тәртіп» нарративі аясында ұйымдастырды. Турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын нығайту және жастарды есірткі ортасына тартуға қарсы іс-қимыл.
Айта кетейік, MNU қолдау тобы турнирде үздік деп танылды.