MNU Logo
MNU студенттері Қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиадада Қазақстанды таныстырады - MNU

26.05.2025

MNU студенттері Қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиадада Қазақстанды таныстырады

Maqsut Narikbayev University (MNU) студенттері Қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық олимпиаданың жүлдегерлері атанды. Олар ауқымды зияткерлік жарысының он жеңімпазы қатарында болды.

Олимпиадаға барлығы үш мыңнан астам студент тіркеліп, финалдық кезеңге 40 адам өтті. Қатысушылар тестілеуден өтіп, кейстік тапсырмаларды шешті. Жарыстың финалы Maqsut Narikbayev University-де өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша он жеңімпаз анықталды. «Құқықтану» бағыты бойынша MNU студенті Қуанышбек Аманбаев пен Karaganda Buketov University студенті Әлішер Ким жеңіске жетсе, ал «Халықаралық қатынастар» бағыты бойынша MNU студенті Мақсат Тілектес пен Yessenov University студенті Жасмина Закария үздік атанды. Барлық жүлдегерлер 2025 жылдың күзінде Ресейде өтетін Қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиадада Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

Айта кетейік, олимпиаданы ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі «Заң және тәртіп» нарративі аясында ұйымдастырылды. Жарыс Maqsut Narikbayev University, AML Academy Қаржылық мониторинг академиясы, сондай-ақ Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалық кеңсесінің және Қаржылық қауіпсіздік саласындағы Халықаралық желілік институт өкілдерінің қолдауымен өтті. Ұйымдастырушылар атап өткендей, олимпиада жай ғана байқау емес, құқықтық мәдениетті нығайтатын, қаржылық құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған және болашақтың тұрақты экономикасын қалыптастыруға ықпал ететін маңызды білім беру жобасына айналып келеді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз