2024 жылдың 21 қыркүйегінде «IrBIS eco-club MNU» және «Жастар Рухы MNU» ұйымдарының студенттері мен «Esil University» КЕАҚ белсенділері «3.2.1. Старт» жобасы мен Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кең көлемді экологиялық акцияға қатысты.
Сенбілік барысында еріктілер Қосшы қаласындағы Сарқырама өзенінің жағалауын тазалап, жүзден астам қап қоқыс жинады.
Бұл шара тек осы аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, қатысушылардың экологиялық жауапкершілік туралы түсінігін арттырды.