
10 қыркүйек күні Maqsut Narikbayev University-де жаңа оқу жылының бастауындағы маңызды оқиғалардың біріне айналған дәстүрлі студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өтті. Іс-шара университеттің екі алаңында — Конференц-холл мен MNU Public Library-де ұйымдастырылып, жүздеген студенттерді, оқытушыларды және студенттік қауымдастық өкілдерін бір шаңырақ астына жинады.
Биылғы жәрмеңкеде ғылым мен кәсіби қауымдастықтардан бастап шығармашылық және спорттық клубтарға дейін түрлі бағыттағы 40-қа жуық студенттік ұйым таныстырылды. Студенттер ұйымдардың қызметімен танысып, қызықтырған сұрақтарын қойып, өз әлеуетін жүзеге асыра алатын бірлестіктерді таңдауға мүмкіндік алды.
Студенттік ұйымдар жәрмеңкесі — бірінші курс студенттерінің бейімделуінің және жоғары курс студенттерінің белсенді университеттік өмірге тартылуының маңызды бөлігі. Клубтар мен ұйымдарға қатысу студенттерге көшбасшылық пен коммуникациялық дағдыларды дамытуға, пікірлес достар табуға, дүниетанымын кеңейтуге және болашақ кәсіби қызметте қажет болатын практикалық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.