MNU Logo
MNU әлемдік CFA инвестициялық олимпиадасының қазақстандық кезеңінде жеңіске жетті - MNU

28.02.2026

MNU әлемдік CFA инвестициялық олимпиадасының қазақстандық кезеңінде жеңіске жетті

Maqsut Narikbayev University студенттері CFA Institute Research Challenge 2026 ірі әлемдік инвестициялық олимпиадасының қазақстандық кезеңінде жеңімпаз атанды. Олар беделді сайыстың субөңірлік кезеңінде еліміздің намысын қорғау құқығына ие болды.

MNU командасы инвестициялық олимпиадаға 2016 жылдан бастап қатысуда. Турнир отандық жоғары оқу орындарының 14 студенттік командасын біріктірді. Қатысушылар үш ай бойы американдық ірі Freshworks Inc компаниясының бизнесіне бағалау жүргізіп, өз жұмыстарын CFA холдер мәртебесінің иелеріне таныстырды.

Финалда MNU-ның екі командасы, сондай-ақ Narxoz University, KBTU және KIMEP University командалары бақ сынады. MNU студенттері бірінші орынды иеленіп қана қоймай, екінші орынды да KBTU командасымен бөлісті. Жеңімпаздар қатарында Халықаралық экономика мектебінің студенттері Айым Омарова, Әйгерім Оразалина, Ділназ Төлегенова, Нұржігіт Қайруллаев және Зарина Уәлітханова болды.

Айта кетейік, аталмыш нәтиже MNU студенттеріне Қазақстан атынан осы жылдың наурыз айында өтетін субөңірлік кезеңге қатысуға мүмкіндік берді. Бұл кезең Еуропа, Орта Шығыс пен Африканың 46 елін қамтиды. Үздік командалар өңірлік жартылай финалға өтеді.

CFA Institute Research Challenge 20 жылдан бері өткізіліп келеді және «Қаржы» бағыты бойынша ең беделді студенттік турнир болып саналады. Жарыс барысында қатысушылар қаржылық талдау саласында практикалық білім алады, жаһандық корпорациялардың стандарттары деңгейінде қаржылық есептер жасауды үйренеді және ірі халықаралық қаржы институттарының басшылары үшін ағылшын тілінде таныстыру өткізу дағдыларын меңгереді. Финал осы жылдың 12 мамырында Гонконгта өтеді.

CFA Institute инвестиция саласындағы халықаралық коммерциялық емес кәсіпқойлар қауымдастығы ретінде танымал. Ұйым қаржы индустриясында этикалық және кәсіби стандарттарды белгілейді, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша талдаушылар, қоржындық менеджерлер және инвестициялар жөніндегі сарапшылар үшін «алтын стандарт» болып саналатын беделді Chartered Financial Analyst (CFA) сертификатын береді. «Қаржы» бағыты бойынша MNU білім беру бағдарламалары CFA Institute серіктестік бағдарламаларының қатарында, ал оқу жоспарлары CFA базалық білім корпусы мазмұнының кемінде 70 пайызын қамтиды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз