MNU Logo
MNU-да нейроғылым және жаңа буын заңгерлерін даярлау мәселелері талқыланды - MNU

29.03.2026

MNU-да нейроғылым және жаңа буын заңгерлерін даярлау мәселелері талқыланды

Maqsut Narikbayev University-де «Нейроғылымдар және құқық» тақырыбында зерттеу семинары өтті. Іс-шараға қатысушылар нейроғылымдағы заманауи жаңалықтардың заң ғылымы мен сот практикасына әсерін талқылады.

Семинар гибридтік форматта студенттер мен магистранттардың, Құқық теориясы мен философиясы ғылыми мектебінің профессорларының және MIND ғылыми-талдау орталығының сарапшыларының қатысуымен өтті. Іс-шараның арнайы қонағы Ратгерс университеті (АҚШ) және Суррей университеті құқық мектебінің (Ұлыбритания) профессоры Деннис Паттерсон болды. Ол ғалым-заңгер, көптеген ғылыми еңбектердің авторы, коммерциялық және сауда құқығы, сондай-ақ құқық философиясы саласында әлемде танылған сарапшы ретінде белгілі.

Іс-шара барысында кінә мен қасақаналық доктринасын қайта ойластыру, сотта нейробиологиялық дәлелдемелерге жол беру және заманауи нейроғылым деректері тұрғысынан базалық құқықтық ұғымдарды түсіндіру мәселелері төңірегінде пікір алмасылды. MNU студенттері мен магистранттары аталған тақырып бойынша өз идеялары мен тезистерін ұсынды. Деннис Паттерсон білім алушылардың дайындық деңгейін жоғары бағалап, заң зерттеулерінің қалыптасып келе жатқан бағыты ретінде нейроқұқықтың келешегі туралы өз пікірімен бөлісті.

Айта кетейік, семинар екінші International Legathon MaxUP қарсаңында айрықша мәнге ие. Келесі аптада MNU-да өтетін «Болашақ құқығы» тақырыбындағы ауқымды заң кейс-чемпионатында қатысушылар технология мен құқық тоғысқан жерде инновациялық құқықтық шешімдерді әзірлейді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз