Maqsut Narikbayev University-ге Таиланд Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Пияпин Нийомреркс келді. Ол университет басшылығымен кездесу өткізіп, кампустың инфрақұрылымымен танысты.
Пияпин Нийомреркс Қазақстандағы Тайландтың дипломатиялық миссиясын осы жылдың көктемінде басқарды. MNU басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаевпен кездесуде ол білім, ғылым және мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Дипломат қазақ халқының қонақжайлылығын ерекше атап өтіп, университетте студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамы үшін жасалған тамаша жағдайлар туралы айтты.
Айта кетейік, Таиланд Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады. Соңғы алты жылда екі елдің инвестиция көлемі 100 миллион доллардан асты.


