MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» сарапшылар алаңының жұмысына қатысты. Іс-шара өткен сенбі күні Астанада өтті.
Сарапшылар алаңы Парламент Мәжілісінің депутаттарын, Конституциялық комиссияның мүшелерін, мемлекеттік органдар, академиялық қоғамдастық және азаматтық қоғам институттарының өкілдерін біріктірді. Олар жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері мен мемлекеттің дамуы үшін маңыздылығын талқылады. Іс-шараны ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Amanat партиясының Қоғамдық саясат институты бірлесіп ұйымдастырды.
Талғат Нәрікбаев жаңа институттар, есеп беру және конституциялық бақылау тетіктеріне арналған панельдік сессия барысында сөз сөйледі. Университет басшысы жаңа Ата заң жобасында жеке бөлім арналған жоғары консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесінің әлеуеті туралы егжей-тегжейлі айтты. Ол заң шығару бастамасы құқығына ие болатын аталған институттың барлық азаматтық қоғам үшін маңыздылығын атап өтті.
Сарапшылар алаңында сондай-ақ Maqsut Narikbayev University профессорлары Үнзила Шапақ пен Индира Әубәкірова сөз сөйледі. Іс-шара кәсіби пікірталастың жоғары деңгейін және жаңа Ата заң жобасын талқылауға сарапшылардың кеңінен тартылғанын көрсетті. Айта кетейік, бұған дейін MNU-да жаңа Конституцияны талқылауға арналған сараптамалық кездесу өтті.





