MNU Logo
НИДЕРЛАНДЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ MNU СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ - MNU

10.06.2024

НИДЕРЛАНДЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ MNU СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ

2024 жылдың 25 мамырында Қазақстанға сапары аясында Нидерланды Премьер-Министрі Марк Рютте Maqsut Narikbayev University (MNU) қабырғасында студенттермен кездесті. Бұл іс-шара Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Өз сөзінде Рюттен мырза Нидерландының Еуропадағы рөлі, Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастық, өзінің саяси тәжірибесі және инновациялар, мәдени алмасу және экономикалық мүмкіндіктер сияқты түрлі салаларға қосқан үлесі туралы айтты.

MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев қонаққа университетке сапары үшін алғысын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастардың дамуына көңіл бөлгені үшін алғысын білдірді.

  • Сіздің Maqsut Narikbayev University-ге келуіңіз біз үшін үлкен мәртебе. Сіздің университет қабырғасында іс-шараға қатысуыңыз Қазақстан мен Нидерланды, атап айтқанда, жоғары білім беру саласында жолға қойған байланыстардың үлгісі. Сондықтан MNU гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың жетекші университеті ретінде екі ел арасындағы байланысты нығайтуда шешуші рөл атқаратынын мақтан тұтады“, – деді.

Премьер-министр Қазақстанға сапарының мақсатын түсіндіріп, бұл оның елге алғаш рет келуі емес екенін атап өтті.

  • Әрине, біз экономикалық қатынастар контекстіндегі әлеуетті ынтымақтастық туралы, соның ішінде экономикамызды дәстүрлі энергия көздерінен дәстүрлі емес энергия көздеріне әртараптандыру туралы айтып отырмыз. Біз Қазақстанда өкілдігі бар компаниялар туралы, сондай-ақ қорлар мен ресурстарды басқару туралы айтып отырмыз, бұл да Қазақстанмен ынтымақтастықтың маңызды аспектісі болып табылады. Әрине, көмірсутектер мен жасыл технологиялар шешуші рөл атқарады, өйткені қазір энергия өте маңызды. Осы тұрғыда біз Мароккомен, Оманмен және басқа елдермен жұмыс істейміз және Қазақстан осы тізімнің бір бөлігі. Біз экономиканың осындай моделіне көшуіміз керек және осы мәселелерді бірлесіп шешуге тырысамыз. Бүгін осында болу мен үшін үлкен мәртебе“, — деді Премьер-Министр.

Бұл кездесудің негізгі мақсаты Нидерланды Корольдігімен ынтымақтастықты дамыту және студенттерге Нидерланды Премьер-Министріне өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік беру болды. Іс-шара студенттердің, оқытушылардың және университет қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырып, оларға біздің заманымыздың ең тәжірибелі саясаткерлерінің бірімен кездесуге және екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың маңызды халықаралық мәселелері мен келешегі туралы тікелей білуге бірегей мүмкіндік берді. Нидерланды мен Қазақстан арасындағы саяси қатынастардан бастап мәдени өзара ынтымақтастыққа дейінгі тақырыптардың кең ауқымын қамтитын мәселелер талқыланды.

Нидерланды Премьер-Министрінің студенттермен кездесуі университеттің академиялық өміріне елеулі үлес қоса отырып, халықаралық байланыстарды нығайтуға ықпал етті және Қазақстан мен Нидерланды арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында жаңа көкжиектер ашты.
Айта кететін болсақ, 1 қарашада Maqsut Narikbayev University Франция президенті Эммануэль Макронды қабылдаған болатын. Мұндай сапарлар студенттерге әлемдік көшбасшылармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беріп, олардың көзқарастары мен тәжірибелері жайлы білуге мүмкіндік береді.

Post Image

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?
06.12.2025

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?

Бір апта бұрын Maqsut Narikbayev University студенттер қатарына ресми түрде қабылдау салтанатты рәсіміне бес мыңнан астам адам қатысты. Ендеше, университеттің басты мерекесінің қалай өткенін біздің фоторепортаждан біле аласыз. 27 қараша күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайы ерекше сәнге еніп, тартысқа толы аренаға айналды. Төрт жоғары мектеп чемпион атағы үшін жыл сайын өтетін дәстүрлі додада бақ сынасты. Кештің басты тақырыбы – «Arman Iesi. Think. Create. Lead» идеясы студенттерге кең ойлауға, жасампаз болуға және қарқынды дамып келе жатқан технологиялар дәуірінде көш бастауға жетелейтін үндеу болды. Студенттердің қойылымдары жасанды интеллекттің дамуы, болашақ мамандықтардың бейнесі және мәліметтер мен алгоритмдер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған замандағы адамның рөлі турасында өрбіді. MNU студенттер қатарына қабылдау дәстүрлері – айрықша дүние. Кешқұрым...

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады
05.12.2025

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады

Maqsut Narikbayev University-де MNU Bridge Hub сараптамалық алаңы іске қосылды. Мемлекеттік және жекеменшік орта мектеп...

Өзбекстан Елшісі MNU-да дәріс оқыды
05.12.2025

Өзбекстан Елшісі MNU-да дәріс оқыды

Maqsut Narikbayev University-де Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимов сөз сөйледі. Ол болашақ...

Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз