Жоғары Гуманитарлық Мектебі академиялық жазылым бойынша офлайн-интенсив өткізді. Шеберлік сабағын академиялық жазылым саласындағы тәжірибелі зерттеуші және оқытушы Мадина Абдрахманова жүргізді. Іс-шара университеттегі және одан тыс барлық қатысушыға ашық болды. Оған жас мамандар, жас зерттеушілер және белсенді жастар қатысып, академиялық және кәсіби ортадағы жазылым дағдыларын жетілдіруді мақсат етті.
Воркшоптың негізгі бағыттары:
1. Мәтін құрылымы мен логикасы – қатысушылар кіріспе жазу, аргументтерді жүйелеу және мәтіннің байланысын қамтамасыз ету тәсілдерін үйренді.
2. Дереккөздермен жұмыс – перефраз жасау, дәйексөздерді енгізу және ғылыми дәлелдерге сүйену жолдары талқыланды.
3. Дәйексөз этикасы және плагиатты болдырмау – академиялық адалдық стандарттары мен талаптары қарастырылды.
Бағдарлама
- Кіріспе және алғысөз (10:00–10:15) Воркшоптың мақсаттары мен академиялық жазылымың кәсіби дамудағы маңызы.
- 1-сессия: Академиялық мәтінді құрылымдау (10:15–11:15) Интерактивті дәріс және мәтін логикасы бойынша практикалық тапсырмалар.
- Кофе-брейк (11:15–11:30)
- 2-сессия: Дереккөздерді тиімді пайдалану (11:30–12:30) APA стиліндегі дәйексөз рәсімдеу, идеяларды біріктіру және перефраз жасау жаттығулары.
- Түскі ас (12:30–13:30)
- 3-сессия: Мысалдарды талдау және жеке кеңес беру (13:30–15:00) Қатысушылар өз мәтіндерімен бөлісіп, жеке кері байланыс алды.
- 4-сессия: Жеке чек-лист әзірлеу (15:00–15:30) Алдағы уақытта жазылым дағдыларын жетілдіру жоспарын жасау.
- Қорытынды және сертификат тапсыру рәсімі (15:30–16:00) Нәтижелерді қорытындылау, пікір алмасу және сертификаттар табыстау.
Нәтижелер
Қатысушылар мақалалардың үлгілерін дайындап, жеке ұсыныстар мен өзін-өзі бағалау чек-листін алды. Воркшоп академиялық жазылымды кәсіби дамудың маңызды дағдысы ретінде қарауға ынталандырды және жас мамандардың академиялық әлеуетін арттыруға бағытталды.
Келесі қадамдар
Жоғары Гуманитарлық Мектебі келесі бағыттарда жұмысын жалғастырады:
- Үздік жұмыстар қорын қалыптастыру;
- Кеңес беру сағаттарын ұйымдастыру;
- Writing Support Series атты жазылым құзіреті мен авторларды тұрақты қолдау бағдарламасын іске қосу.
БҰҰ ТДМ байланысы: Бұл бастама 4-мақсат – Сапалы білім беру бағытына сәйкес келеді және академиялық сауаттылықты, зерттеу мәдениетін және сапалы білімге тең қолжетімділікті дамытуға үлес қосады.