MNU Logo
Business law клубының ашылуы - MNU

12.10.2023

Business law клубының ашылуы

2023 жылғы 12 қазанда Жоғары құқық мектебінде компания капиталының қалыптасуы мен пайданы репатриациялаудың құқықтық, қаржылық және салықтық аспектілеріне арналған Business Law ғылыми клубының ашылуы өтті. Кездесу 302 аудиторияда өтіп, азаматтық-құқық мамандықтарының студенттерімен қатар, Халықаралық экономика мектебінің бизнес және бухгалтерлік есеп бағытында оқитын студенттерді жинады.

Отырыста қатысушылар жарғылық капитал мен ішкі қарыздар есебінен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің капиталын қалыптастыруға байланысты практикалық мәселелерді талқылады, сондай-ақ мұндай операциялардың инвесторлар мен компаниялар үшін қаржылық, салықтық және құқықтық салдарын қарастырды.

Ерекше назар инвестициялық жобалардан түскен пайда мен ақша ағымдарын репатриациялау кезінде қаржылық көрсеткіштердің, салық салудың және құқықтық аспектілердің өзара байланысына аударылды.

Сонымен қатар қатысушылар ірі қазақстандық және халықаралық компаниялардың инвестициялық қызметті жоспарлау және жүзеге асыру тәжірибесімен танысты.

Дәрісті Жоғары құқық мектебінің оқытушылары — Big4 және халықаралық корпорацияларда 15 жылдан астам тәжірибесі бар Teaching Professor Андрей Кудьяров және Teaching Professor Эстер Бабаджанян өткізді.

Business Law клубының ашылуы заң білімінде тәжірибеге бағытталған тәсілді дамыту мен студенттер, оқытушылар және практик-мамандар арасында тәжірибе алмасу алаңын құру жолындағы маңызды қадам болды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?
06.12.2025

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?

Бір апта бұрын Maqsut Narikbayev University студенттер қатарына ресми түрде қабылдау салтанатты рәсіміне бес мыңнан астам адам қатысты. Ендеше, университеттің басты мерекесінің қалай өткенін біздің фоторепортаждан біле аласыз. 27 қараша күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайы ерекше сәнге еніп, тартысқа толы аренаға айналды. Төрт жоғары мектеп чемпион атағы үшін жыл сайын өтетін дәстүрлі додада бақ сынасты. Кештің басты тақырыбы – «Arman Iesi. Think. Create. Lead» идеясы студенттерге кең ойлауға, жасампаз болуға және қарқынды дамып келе жатқан технологиялар дәуірінде көш бастауға жетелейтін үндеу болды. Студенттердің қойылымдары жасанды интеллекттің дамуы, болашақ мамандықтардың бейнесі және мәліметтер мен алгоритмдер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған замандағы адамның рөлі турасында өрбіді. MNU студенттер қатарына қабылдау дәстүрлері – айрықша дүние. Кешқұрым...

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады
05.12.2025

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады

Maqsut Narikbayev University-де MNU Bridge Hub сараптамалық алаңы іске қосылды. Мемлекеттік және жекеменшік орта мектеп...

Өзбекстан Елшісі MNU-да дәріс оқыды
05.12.2025

Өзбекстан Елшісі MNU-да дәріс оқыды

Maqsut Narikbayev University-де Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимов сөз сөйледі. Ол болашақ...

Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз