MNU Logo
MNU-да зияткерлік меншік саласындағы білім берудің мүмкіндіктері мен перспективалары талқыланды - MNU

30.05.2025

MNU-да зияткерлік меншік саласындағы білім берудің мүмкіндіктері мен перспективалары талқыланды

Maqsut Narikbayev University-де (MNU) «Зияткерлік меншік саласындағы білім беру: мүмкіндіктер мен перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара білім экономикасы мен инновациялық даму үшін кадрларды қалыптастырудағы білім берудің рөлі туралы мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар мен академиялық қоғамдастық өкілдері арасындағы диалогтың маңызды сарапшылық алаңына айналды.

Пікірталас «Зияткерлік меншік және бизнес құқығы» мамандығы бойынша алғашқы магистрлердің диплом алу қарсаңында өтті. Бұл білім беру бағдарламасын Maqsut Narikbayev University Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) бірлесіп іске қосты. MNU провосты Сергей Пен зияткерлік меншіктің қазіргі әлем үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, университеттің миссиясын жаһандық өзгерістерді таратушысы ретінде белгіледі.

«Жаңашылдықты қорғау – заңгердің ең жоғары міндеті деуге болады. Біз Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен халықаралық бағдарламаның бір бөлігі болғанымызды және Әділет министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ДЗМҰ-ның өзі сияқты серіктестерден сенім алғанымызды мақтан тұтамыз», – деді Сергей Пен.

«Зияткерлік меншік және бизнес құқығы» білім беру бағдарламасы Қазақстан, Өзбекстан, Үндістан және Танзаниядан 18 магистрантты біріктірді. Олар MNU, ДЗМҰ академиясы, Сингапур және Ұлыбритания университеттерінің оқытушыларының жетекшілігімен авторлық және патенттік құқық, тауар таңбалары, инновацияларды коммерцияландыру, халықаралық кәсіпкерлік құқық және басқа да пәндерді оқыды. ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова атап өткендей, бұл салада мамандарды даярлау креативті индустриялар мен инновациялық кәсіпкерлікті дамыту перспективаларын айқындайды.

«Зияткерлік меншік – болашақтың валютасы. Maqsut Narikbayev University-де іске асырылып жатқан бағдарлама құқық, технология және бизнес торабында жұмыс істеуге қабілетті мамандарды даярлайды. Бұл жай ғана оқыту емес – бұл мамандардың жаңа буынын стратегиялық даярлау», – деді Ботагөз Жақселекова.

«Бұл ең үздік бағдарламалардың бірі және мен ол туралы әріптестеріме міндетті түрде айтамын. Біз осындай бастаманың Қазақстанда пайда болуын қаладық және бұл шешім мүлдем дұрыс болды. Бұл Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Еуразиялық өңірдегі алғашқы бағдарламасы және ол қазірдің өзінде тамаша нәтижелер беруде», – деді ДЗМҰ экономикасы дамыған және өтпелі экономикалы елдер департаментінің директоры Хабип Асан.

Айта кетейік, ДЗМҰ-мен бірлескен магистрлік бағдарламалар Аргентина, Болгария, Зимбабве, Үндістан, Испания, Италия, Камерун, Қытай, Польша, Сауд Арабиясы, Сингапур, Тунис, Түркия және Оңтүстік Кореяда да іске асырылуда.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз