MNU Logo
Орнықты даму мақсаттары: БҰҰ сарапшысы MNU топ-менеджментімен кездесті - MNU

13.10.2025

Орнықты даму мақсаттары: БҰҰ сарапшысы MNU топ-менеджментімен кездесті

Maqsut Narikbayev University басшылығы БҰҰ сарапшысы Джошуа Линкольнмен кездесті. Тараптар Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) іске асыруды талқылады.

MNU топ-менеджменті мүшелері бес Орнықты даму мақсаттары («Сапалы білім беру» (SDG 4), «Гендерлік теңдік» (SDG 5), «Лайықты жұмыс және экономикалық өсім» (SDG 8), «Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар» (SDG 16), «Орнықты даму мүдделеріндегі әріптестік» (SDG 17) бойынша жүргізілген жұмыстар туралы хабарлады. Джошуа Линкольн университеттің ОДМ-ға қол жеткізуге және ESG принциптерін ықпалдастыруға қосқан үлесін оң бағалады. Сондай-ақ ол басымды Мақсаттар көрсеткіштерін жақсарту бойынша және осы процесті басқару моделін құру жөнінде кеңес берді.

Джошуа Линкольнның Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде, соның ішінде халықаралық дипломатия, орнықты даму және экологиялық саясат салаларында 30 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол Tufts University (АҚШ) Халықаралық құқық және мемлекеттік басқару орталығының аға ғылыми қызметкері, Global Governance Forum Директорлар кеңесі және Cambria Futures Консультативтік кеңесінің мүшесі болып табылады. Бұған дейін сарапшы университет студенттеріне қонақ дәріс өткізіп, онда көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің стратегиялық және практикалық аспектілері туралы әңгімелеп берген болатын.

Айта кетейік, MNU БҰҰ-ның орнықты даму саласындағы күн тәртібін қолдайды. Бұдан басқа, Times Higher Education университеттердің әлемдік рейтингісінде жоғары оқу орны жалпы әлемдік тізімнің 1001-1500 ауқымында орын алады, ал «Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар» бағыты бойынша ТОП-300-ге кіреді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз