Maqsut Narikbayev University-де (MNU) Кембридж университетінің профессоры Абхиманью Шарманың қонақ дәрісі өтеді. Ол өз дәрісінде тіл саясатының халықаралық қатынастарға, қоғам дамуына, қақтығыстар мен бейбіт процестер динамикасына қалай әсер ететінін баяндап береді. Дәріс 2025 жылдың 15 сәуірінде сағат 10:30-да MNU Conference Hall залында өтеді.
Абхиманью Шарма – PhD дәрежесінің иегері, Еуропалық Одақтың Үндістандағы тіл саясаты тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. «Тіл саясаты: даму мен инклюзия» атты дәрісі барысында ол тілдің қоғамды біріктіру мен бөлуге жағдай жасауын талдайды. Спикер тіл саясатының екі негізгі қырын жан-жақты сараптайды.
Біріншісі – Үндістан мысалында дамушы елдердегі ағылшын тілінің ықпалына қатысты. Бұрынғы отарлық әкімшіліктің тілі ретінде ағылшын тілі бүгінгі күнге дейін пікірталас тудыратын тақырып болып отыр: ана тілінде білім алу – мәдени бірегейлікті сақтауға және академиялық үлгерімді арттыруға ықпал етсе, ағылшын тілін меңгеру – кәсіби және білім беру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Профессор Абхиманью Шарма қоғамның үйлесімді дамуына ықпал ететін теңгерімді тіл саясатын қалай құруға болатынын талдайды. Екіншісі – есту қабілеті нашар және естімейтін (DHH) адамдар үшін тілдік инклюзия мәселесіне қатысты. Үндістан секілді дамушы елдерде ымдау тілі арқылы білім алу шектеулі, бұл олардың әлеуметтенуіне және кәсіби дамуына кедергі келтіреді. Спикер тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін туындайтын басты қиындықтар мен ықтимал шешім жолдарын қарастырады.
Айта кетейік, бұл іс-шара Kapuscinski Lectures жобасы аясында Орталық Азия аумағында алғаш рет ұйымдастырылмақ. Maqsut Narikbayev University аталған дәрісті өткізу құқығына БҰҰ Даму бағдарламасы мен Еуропалық комиссияның бағдарламамасы аясында ие болды. Қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркелу қажет.