
Maqsut Narikbayev University-де Диссертациялық кеңестің отырысы өтті. Кеңес мүшелері MNU «Құқық» білім беру бағдарламасы бойынша докторант Зарина Аманжолованың диссертациясын қорғауын қарастырды.
Диссертация төтенше ахуал кезеңінде экономикалық және әлеуметтік құқықтарды жүзеге асыру мәселелеріне (Covid-19 пандемиясы тәжірибесінде) арналды. Докторант өз зерттеуін таныстырып, кеңес мүшелері мен басқа жоғары оқу орындарынан шақырылған профессорлардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ отырыс Maqsut Narikbayev University-дің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.
Зарина Аманжолова 2022 жылдан бастап докторантурада білім алады. Сот жүйесінде 17 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, қазіргі уақытта ҚР Жоғарғы Соттың Сот төрелігінің сапасы жөніндегі мониторинг бөлімінің бас консультанты қызметін атқарады. Ол ҚазГЗУ (қазір – Maqsut Narikbayev University (2008) және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (2015) түлегі.
Отырыстың қорытындысы бойынша Зарина Аманжоловаға философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешім қабылданды. Айта кетейік, Maqsut Narikbayev University экономика саласы бойынша PhD білім беру бағдарламасын да жүзеге асырады.