АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КЕЙС ЧЕМПИОНАТЫНДА MNU ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА МЕКТЕБІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЖЕҢІСІ - MNU

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КЕЙС ЧЕМПИОНАТЫНДА MNU ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА МЕКТЕБІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЖЕҢІСІ

Post Image
21.10.2024

12 қазанда Maqsut Narikbayev University Халықаралық экономика мектебінің студенттері KBTU Case Club  пен Colliers консалтингтік компаниясымен серіктестікте ұйымдастырылған “Real Estate Consulting” Кейс-чемпионатында жеңіске жетті.

Турнирге Қазақстанның жетекші университеттерінен 35-тен астам команда қатысты, финалдық раундқа 15 команда, оның ішінде біздің университеттен 6 команда қатысты.

Саид Мұсаев, Әділхан Бекешев, Аружан Сейфулла, Ақерке Бейсенова, Мұхамедияр Сайлаубаев  команда қатысушыларын тамаша өнер  көрсетуімен және лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

Сондай-ақ, Майя Қалдыбаева, Рысжан Ерсұлтан, Айбар Жонкин құрметті екінші орынмен марапатталды.

Қазылар алқасының мүшелері университетіміздің барлық командаларының дайындығы мен өнерін жоғары бағалады, әсіресе Дана Нұрманова, Диана Нұрманова, Еркеназ Есмағамбетова, Мақпал Оян және Диляра Алмақын командасының сапалы дайындалған презентациясын атап өтті.

Студенттерді Даяна Ахмедина, Аружан Сәкенова, Әйгерім Оразалина, Алуа Ужарова, Анель Умашева, Айым Әзімбаева, Дильназ Төлегенова, Еркежан Әліпбаева, Анель Арыстан, Айым Омарова, Нұржігіт Қайроллаев, Тахмина Сейтқасымова, Аружан Сыпабек сәтті өнер көрсетіп, финалға шығуымен құттықтаймыз!

Біз MNU Case Club-қа студенттердің беделді деңгейдегі бизнес-чемпионаттарға қатысуын қолдағаны және университетімізді жоғары деңгейде көрсеткені үшін алғыс айтамыз!

MNU Case Club – бұл нақты бизнес-кейстерді шешу дағдыларын дамытуға, академиялық дайындық деңгейін арттыруға, командалық жұмыс дағдыларын жетілдіруге және мансаптық мүмкіндіктерді жақсартуға ұмтылатын студенттік қауымдастық. Клуб бизнес қауымдастығымен серіктестікте кейс-чемпионаттар мен турнирлер ұйымдастырады. Клубтың небәрі 2 жыл болғанына қарамастан, ол тұрақты түрде үлкен жетістіктер мен жеңістерге қол жеткізіп келеді!

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды адрес

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде бухгалтерлік білім бар ма

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз