Maqsut Narikbayev University халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы Erasmus+ MIND ICM25 аясында өтінімдерді қабылдаудың басталғанын хабарлайды. Бағдарлама арқылы университет студенттері, оқытушылары және қызметкерлері Португалиядағы серіктес жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса алады.
Бағдарламаны Португалияның жетекші университеттерінен құралған консорциум жүзеге асырады. Консорциум құрамына келесі жоғары оқу орындары кіреді:
• University of Porto;
• University of Minho;
• University of Aveiro;
• University of Trás-os-Montes and Alto Douro.
Университет студенттері үшін
Бағдарламаға MNU бакалавриатының 2–3 курс студенттері және магистратура студенттері келесі талаптарға сай болған жағдайда қатыса алады:
- GPA кемінде 3.0;
- Ағылшын тілін білу деңгейі B2-ден төмен емес.
Бағдарлама қаржылық қолдауды, атап айтқанда, екі бағыттағы әуе билеттері мен Erasmus+ ай сайынғы стипендиясын қамтиды. Студенттер үшін академиялық ұтқырлықтың ұзақтығы 150 күн (шамамен 5 ай).
Университет оқытушылары мен қызметкерлері үшін
Бағдарлама сондай-ақ оқытушылар, зерттеушілер және әкімшілік қызметкерлер үшін қысқа мерзімді академиялық ұтқырлықты қарастырады. Қаржыландыруға екі бағыттағы әуе билеттері мен тұру шығындары кіреді. Ұтқырлықтың ұзақтығы 5 күн, сонымен қатар жолға арналған қосымша 2 күн қарастырылған.
Өтінім беру
Бағдарламаға қатысу үшін Erasmus+ MIND ICM25 онлайн-порталы арқылы өтінім беріп, Application Form толтырып және қажетті құжаттарды жүктеу қажет. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 10 сәуір.
Айта кетейік, іріктеуді Португалиядағы консорциумға кіретін қабылдаушы университеттер жүргізеді. Қатысушыларды қабылдау туралы шешімді серіктес университеттер ұсынылған өтінімдер мен конкурстық іріктеу нәтижелері негізінде қабылдайды.
Erasmus+ MIND ICM25 бағдарламасы, қатысу шарттары, серіктес университеттер және өтінім беру мүмкіндігі туралы толық ақпарат бағдарламаның ресми сайтында қолжетімді: https://mindicm25.up.pt/
Үміткерлерге өтінім берер алдында қатысу шарттарымен мұқият танысу ұсынылады.