Maqsut Narikbayev University басшылығы Тынық мұхиты халықаралық қонақ үй менеджменті мектебінің (PIHMS) өкілдерімен кездесті. Тараптар ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады.
Кездесу барысында академиялық алмасу, ғылыми зерттеулер мен қос дипломдық бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Жаңазеландиялық университеттің өкілдері «Қонақжайлылық» мамандығы бойынша MNU түлектерін магистрлік бағдарламаларға қабылдауда басымдық беруге дайын екендіктерін білдірді. Бұдан басқа, «Туризм» және «Қонақжайлылық» білім беру бағдарламаларының студенттеріне PIHMS-тегі оқыту форматы, оқуға түсу шарттары мен мансаптық перспективалары туралы баяндады.
Айта кетейік, 30 жыл бұрын құрылған PIHMS әлемдегі жетекші қонақ үй мектептерінің (Leading Hotel Schools of the World) құрамына кіреді.


