2024 жылғы 17 ақпанда Maqsut Narikbayev University Жоғары құқық мектебінің командасы халықаралық құқық бойынша ең беделді жарыс — Philip C. Jessup International Law Moot Court Competition ұлттық раундтарында сенімді жеңіске жетті. Бұл сайыс Қазақстанның жетекші заң мектептері арасында өтті және бірнеше кезеңнен — іріктеу мен финалдық раундтардан тұрды.
Іріктеу кезеңдерінде MNU командасы СДУ, КИМЭП және Нархоз университеттерінің командаларымен кездесіп, төрт кездесудің төртеуінде де жеңіске жетіп, финалға шықты. Шешуші раундта студенттер тағы да Нархоз командасымен кездесіп, өздерінің көшбасшылығын дәлелдеп, халықаралық құқық бойынша Қазақстан чемпионы атағын иеленді.
Университеттің ерекше мақтанышы — «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенті Меруерт Жадренова, ол Best Oralist of Kazakhstan Rounds (Қазақстандық кезеңнің ең үздік спикері) атағына ие болды.
Жеңімпаз команданың құрамына Аружан Асилбекова, Аяжан Қазыбекова, Меруерт Жадренова, Аяна Өмірзақ және Рахимбек Көңлімқос кірді. Команданың жаттықтырушылары — Аскар Тажанов пен Рамазан Кокжалов.
Maqsut Narikbayev University командасының Jessup Moot Court Competition жарысындағы жеңісі студенттердің жоғары дайындық деңгейін және университеттің халықаралық академиялық аренадағы беделін тағы бір рет айқын көрсетті.