MNU Logo
MNU-да жол-көлік оқиғаларының алдын алу тиімділігі талқыланды - MNU

11.11.2025

MNU-да жол-көлік оқиғаларының алдын алу тиімділігі талқыланды

Maqsut Narikbayev University-де жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар жол-көлік оқиғалары профилактикасының тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды және көлік жүргізу мәдениетін дамыту мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Әділет министрлігінің өкілдері мен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының мүшелері қатысты. Іс-шараны MIND Ғылыми-талдау орталығы ұйымдастырды. Талқылау барысында орталықтың сарапшылары өліммен аяқталған жол-көлік оқиғалары бойынша кешенді талдау нәтижелерін ұсынды.

Айта кетейік, Қазақстанда екінші жыл қатарынан жол-көлік оқиғалары санының күрт өсуі байқалады. Бас прокуратураның мәліметінше, биылғы жылдың жеті айында елімізде 19 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ішкі істер министрлігі өкілдері ұсынылған сараптамалық пікірлердің маңыздылығын атап өтіп, олардың жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру жөніндегі тиімді шараларды әзірлеу үшін маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар қатысушылар MIND орталығы базасында нормашығармашылық бастамаларды ғылыми қоғамдастық өкілдерімен алдын ала талқылауды ұйымдастыру туралы келісті.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?
06.12.2025

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?

Бір апта бұрын Maqsut Narikbayev University студенттер қатарына ресми түрде қабылдау салтанатты рәсіміне бес мыңнан астам адам қатысты. Ендеше, университеттің басты мерекесінің қалай өткенін біздің фоторепортаждан біле аласыз. 27 қараша күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайы ерекше сәнге еніп, тартысқа толы аренаға айналды. Төрт жоғары мектеп чемпион атағы үшін жыл сайын өтетін дәстүрлі додада бақ сынасты. Кештің басты тақырыбы – «Arman Iesi. Think. Create. Lead» идеясы студенттерге кең ойлауға, жасампаз болуға және қарқынды дамып келе жатқан технологиялар дәуірінде көш бастауға жетелейтін үндеу болды. Студенттердің қойылымдары жасанды интеллекттің дамуы, болашақ мамандықтардың бейнесі және мәліметтер мен алгоритмдер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған замандағы адамның рөлі турасында өрбіді. MNU студенттер қатарына қабылдау дәстүрлері – айрықша дүние. Кешқұрым...

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады
05.12.2025

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады

Maqsut Narikbayev University-де MNU Bridge Hub сараптамалық алаңы іске қосылды. Мемлекеттік және жекеменшік орта мектеп...

Өзбекстан Елшісі MNU-да дәріс оқыды
05.12.2025

Өзбекстан Елшісі MNU-да дәріс оқыды

Maqsut Narikbayev University-де Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимов сөз сөйледі. Ол болашақ...

Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз