Біз Астана қаласының Триатлон Федерациясымен бірлесе отырып, студентіміз Сайранова Сабинаға арналған қайырымдылық жарысын өткіздік.
Өкінішке орай, біздің студентіміз Сабина кешенді емдеуді қажет ететін қатерлі ісікке шалдыққан. Ол қазір Израильде, емделу барысында өмірі үшін күресуде. Біздің университеттің басты миссиясы – қоғамға қызмет ету. Осы қағиданы ұстана отырып, марафон барысында біз студентіміз бен оның отбасы үшін 2 миллионнан астам қаражат жинадық. Қайырымдылық марафонына 300-ге жуық қатысушы келді.