MNU Logo
Сенатта заңгерлік білім беруді дамытуда MNU тәжірибесін қолдану ұсынылды - MNU

14.04.2025

Сенатта заңгерлік білім беруді дамытуда MNU тәжірибесін қолдану ұсынылды

Сенатта Maqsut Narikbayev University (MNU) тәжірибесін заңгерлік білім беруді дамытуда қолдану ұсынылды. Парламенттің жоғарғы палатасында өткен тыңдауларда сот және құқық қорғау жүйелерінің кадрлық әлеуетін нығайту, сондай-ақ, заң шығару қызметінің сапасын арттыру бағытындағы ұсыныс-пікірлер айтылды.

Парламенттік тыңдаулар барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Maqsut Narikbayev University провосты Сергей Пен, танымал ғалымдар, ірі ЖОО ректорлары мен сарапшылар баяндама жасады. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев тыңдауларға қатысушыларды қарсы алып, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасында сәйкессіздікке, заңгер мамандардың біліктілік деңгейінің жеткіліксіздігіне назар аударды. Ол мемлекеттің, жұмыс берушілердің және білім беру мекемелерінің үйлесімді жұмысы қажет екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы «Заң және тәртіп» қағидаты құқықтық мемлекеттің іргетасы екенін үнемі айтып келеді. Білікті заңгерлерсіз жоғары деңгейдегі құқықтық мәдениет қалыптастыру мүмкін емес. Алайда, қазір елімізде заңгерлер даярлау ісінде қордаланған проблемалар бар екенін мойындауымыз керек. Солардың бірі – жұмыс берушілерге қажетті мамандар мен оқу бітірген жас мамандардың саны арасында сәйкессіздіктің болуы. Сондай-ақ еңбек нарығында білікті заңгерлердің жетіспейтіні де белгілі. Осы мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін нақты тетіктерді қолға алуымыз қажет. Сонымен қатар құқықтық білім беру ісінде инновациялық тәжірибелер мен тәсілдерді енгізудің де берері мол», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы MNU-да өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияның маңыздылығын ерекше атап өтті. Ал Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазіргі таңда еліміздегі 59 университетте 40 мыңға жуық студенттің құқық мамандығы бойынша білім алып жатқанын айтты. Сондай-ақ министр бейіндік магистратураға гранттардың бөлінгенін, 2025–2030 жылдарға арналған заңгерлік білімді дамыту тұжырымдамасының әзірленгенін және салалық ұйымдар мен қауымдастықтардың білім беру бағдарламаларын кәсіби аккредитеттеуі енгізілгенін жеткізді.

«Енді оқу бағдарламасы тек қана министрліктің деңгейінде аккредитациядан өтпей, сырттан тәуелсіз, кәсіби қауымдастықтар немесе жұмыс берушілер қосымша кәсіби аккредитациясын, өз пікірлерін, өз бағасын береді. Бұл тәжірибе басқа жоғарғы оқу орындарына таратылуда. Maqsut Narikbayev University-нің пилоттық жобасы негізінде бүкіл жоғарғы оқу орындарында осындай сыртқы, кәсіби аккредитациясын да енгізетін боламыз» – деді Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, Maqsut Narikbayev University еліміздегі заңгерлік білім берудің көшбасшысы ретінде құқықтық мемлекетті дамытуға елеулі үлес қосып келеді. «Құқық» бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестік аясында және Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, университет алғаш рет жетекші ЖОО-лардың басын қосып, 2025–2030 жылдарға арналған заңгерлік білімді дамыту тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізді. Сонымен қатар университеттің провосты Сергей Пен тыңдауларға қатысушылардың назарын тағы бір маңызды мәселеге аударды.

«Жоғары оқу орындары мен білім беру саласынан тыс жатқан басты мәселе – кәсіби заңгерлік қауымдастықтың біртұтас болмауы. Бұл мәселені тек ЖОО мен білім беру органдарының күшімен шешу мүмкін емес. Әділет министрлігі бұған дейін заңгерлік кәсіп стандарттарын біріздендіруге тырысқанымен, бұл бастама соңына дейін жеткізілмеді. Қазір бұл бағыттағы жаңа қадам Республикалық адвокаттар алқасынан бастау алып жатыр. Біз біріздендіруді қолдаймыз. Жеке тұлғаға, жеке қарым-қатынасқа немесе қандай да бір бағаға қарамастан, заңгерлерді даярлайтын барлық жоғары оқу орындарына кәсіби нарық біртұтас болған жағдай тиімді екенін түсінуіміз керек. Өйткені, өңірлік өкілдіктер мен аккредиттеу жүйесін дамытуға, біз көп жылдар бойы күткен бірыңғай кәсіби стандартты құруға мүмкіндік туады», – деді Сергей Пен.

Maqsut Narikbayev University провосты өңірлердегі білікті оқытушылар тапшылығы, заңгер мамандығына деген қызығушылықтың төмендеуі және мемлекеттік сектордағы жалақының төмендігі сияқты мәселелерді атап өтті. Сондай-ақ ол аймақтық университеттердің зияткерлік және материалдық ресурстар тапшылығынан бәсекеге қабілетті бола алмай отырғанын айтты.

«Бүгінде елімізде «екі жылдамдық» мәселесі қалыптасты, оны мойындау керек. Бірінші топқа өзінің мүмкіндіктері, мәртебесі және кадрлары арқылы орта деңгейден жоғары нәтиже көрсетіп жүрген университеттер кіреді. Ал екінші топқа – негізінен өңірлік, абитуриенттерінің де, оқытушыларының да өз ісін жоғары деңгейде жүргізуге жеткілікті мүмкіндіктері жоқ университеттер кіреді. Осы тұрғыда, академиялық еркіндік пен икемділікті тиімді пайдаланып, еңбек нарығына жақындай түскен алдыңғы қатарлы ЖОО-лар үшін оқу процесін толықтай ұлттық стандарттарға қайтару үлкен қауіп төндіреді», – деді Сергей Пен.

Провост сонымен қатар, жұмыс берушілер мен кәсіби қауымдастықтардың қатысуымен түлектердің құзіреттерін тәуелсіз бағалау тетігін енгізуді, аймақтардың сұранысына сай заңгерлік кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырысты арттыруды және «заңгер» кәсібінің бірыңғай кәсіби стандартын кеңінен талқылау және келісу арқылы әзірлеуді ұсынды. Сонымен қатар университеттің тәжірибесімен бөлісіп, Сенатта оқу орны дайындаған «Қазақ-орыс заң сөздігі: заңнамадағы қателер және түсіндірмелер» атты кітапты таныстырды. Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов Maqsut Narikbayev University-дің заңгерлік білімді дамытуға бағытталған жобаларын қолдайтынын жеткізді.

«Елімізде үш мыңнан астам заң және мыңдаған заңға тәуелді актілер бар. Көбісі күрделі тілмен жазылған. Алайда бұл құжаттар тек заңгер мамандарға емес, ең алдымен халыққа түсінікті болуы тиіс. Терминдердің әртүрлі түсінілуі де өзекті мәселе. Бұл заңнамалық реттеудің мен мақсатын бұрмалайды. Осы мәселелерді шешу үшін Maqsut Narikbayev University ауқымды жұмыс жүргізді. Олар нормативтік-құқықтық актілердің оқылымын зерттеп, арнайы әдістемелік ұсынымдар әзірледі. Енді бұл әдістемені біз тиімді пайдалануымыз керек», – деді Жақып Асанов.

Сенат төрағасының орынбасары университет жүргізген жұмысы үшін алғыс білдіріп, заң мәтіндерінің оқылымын салыстыруды ұсынды. Ол тыңдауларға қатысушыларды MNU әзірлеген әдістемені қолданып, бір заңды «басқа тілмен» жазып көруге шақырды.

«Егер ертең бұл тәжірибені оңды деп тапсақ, ол бүкіл заңнаманың жазу практикасын өзгертеді. Заңдардың сапалы орындалуына, сақталуына тікелей ықпал етер еді. Тағы бір мәселе – терминдердің қолданылыуы. Бір сөз бірнеше мағынаны беріп, оны әртүрлі түсініп жатамыз. Терминдерді қолдануда бірізділікті сақтау үшін Maqsut Narikbayev University қазақша-орысша заң терминдерінің сөздігін дайындап шықты», – деді Жақып Асанов.

Айта кетейік, тыңдаулар барысында көтерілген мәселелер мен кеңестер негізінде тиісті ұсынымдар әзірленіп, ҚР Үкіметіне жолданады.

Фото 1
Фото 2
Фото 3
Фото 4
Фото 5
Фото 6

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз