MNU Logo
Сергей Пен MNU Басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары болып тағайындалды - MNU

30.09.2025

Сергей Пен MNU Басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары болып тағайындалды

Maqsut Narikbayev University (MNU) басшылық құрамында кадрлық өзгерістер болды. Басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект (ЖИ) жөніндегі орынбасары қызметіне Сергей Пен тағайындалды.

Университетте басқару құрылымын трансформациялау барысында академиялық блоктан ғылым, инновация және ЖИ-ді біріктіретін жаңа бағыт бөлінген. Ол үшін қосымша лауазым – басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары пайда болды. Бұл шара зерттеу әлеуетін дамытуға, инновацияларды енгізуге және білім беру мен ғылыми процестерде ЖИ-ді пайдалануға жеке назар аударуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, MNU құрылымында жаңа лауазымның енгізілуі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған республиканы цифрлық мемлекетке айналдыру мақсатын іске асыру аясында аса өзекті болып отыр.

Сергей Пен еңбек жолын 2001 жылы Қарағанды қаласының полициясында тергеуші болып бастаған, содан кейін мансабын ғылым мен білімге арнаған. Әр жылдары ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының оқытушысы, доценті, Қарағанды «Болашақ» университеті Заң факультетінің деканы болып жұмыс істеді. 2012 жылы Maqsut Narikbayev University командасына қосылды, онда Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасын басқарды, Құқық жоғары мектебінің деканы болды, ал 2019 жылы Провост (ректор) болып тағайындалды.

Сергей Пен ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын үздік бітірген (2001 ж.). Ол ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Қазақстан заңгерлер одағының, Конституциялық және Жоғарғы соттар, Әділет министрлігі жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестердің құрамына кіреді. Сондай-ақ заң ғылымдарының кандидаты, доцент және бірқатар ғылыми жарияланымдардың авторы болып табылады.

MNU Сергей Геннадьевичті тағайындалуымен құттықтайды және оның тәжірибесі мен көшбасшылығы университеттің ғылыми және инновациялық әлеуетін одан әрі дамытуға серпін беретініне сенім білдіреді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
MNU-да Еуропа Кеңесі орталығының өңірлік кеңсесі ашылды
07.12.2025

MNU-да Еуропа Кеңесі орталығының өңірлік кеңсесі ашылды

Maqsut Narikbayev University жаһандық диалог пен академиялық ынтымақтастықтың белсенді орталығы болуда. Университетте Білім беру саласындағы...

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?
06.12.2025

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?

Бір апта бұрын Maqsut Narikbayev University студенттер қатарына ресми түрде қабылдау салтанатты рәсіміне бес мыңнан астам адам қатысты. Ендеше, университеттің басты мерекесінің қалай өткенін біздің фоторепортаждан біле аласыз. 27 қараша күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайы ерекше сәнге еніп, тартысқа толы аренаға айналды. Төрт жоғары мектеп чемпион атағы үшін жыл сайын өтетін дәстүрлі додада бақ сынасты. Кештің басты тақырыбы – «Arman Iesi. Think. Create. Lead» идеясы студенттерге кең ойлауға, жасампаз болуға және қарқынды дамып келе жатқан технологиялар дәуірінде көш бастауға жетелейтін үндеу болды. Студенттердің қойылымдары жасанды интеллекттің дамуы, болашақ мамандықтардың бейнесі және мәліметтер мен алгоритмдер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған замандағы адамның рөлі турасында өрбіді. MNU студенттер қатарына қабылдау дәстүрлері – айрықша дүние. Кешқұрым...

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады
05.12.2025

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады

Maqsut Narikbayev University-де MNU Bridge Hub сараптамалық алаңы іске қосылды. Мемлекеттік және жекеменшік орта мектеп...

Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз