Maqsut Narikbayev University-де Республика күніне орай шетелдік студенттерге арналған Астананың басты көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.
Университет пен студенттер ұйымы ұйымдастырған іс-шара студенттерге Қазақстан астанасының атмосферасына енуге, ел тарихы туралы көбірек білуге және Астананы бірегей ететін мәдени орталықтарын көруге бағытталды.
Тур бағдарламасына қаланың нышанына айналған маңызды орындар кірді: студенттер қаламен танысуды шолу дөңгелегінен бастап, қаланың керемет көрінісін тамашалау мүмкінлдігіне ие болды. Келесі аялдама – «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және «Бәйтерек». Сонымен қатар студенттер монументалды Ақ Орда резиденциясы, Бейбітшілік және келісім сарайы және ең үлкен «Хазрет Сұлтан» мешітіне жол тартты.
Соңында студенттер Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барып, Қазақстан тарихы туралы көбірек мағлұмат алып, Expo мұрасымен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Бұл күн студенттер үшін Астанамен танысу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар еліміздің қонақжайлығын және мәдениетін сезіну мүмкіндігіне айналды.