Maqsut Narikbayev University-де «Қолданбалы дипломатия» арнайы курсы аясында дәріс сериясы жалғасуда. Студенттер алдында Испания Корольдігінің Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы Елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтес сөз сөйледі.
Елші Астана мен Мадрид арасындағы дипломатияның тарихы мен ынтымақтастықтың дамуы туралы айтып берді. Ол көптеген тыңдаушылар халықаралық қатынастар саласында үздік мамандар болатынына сенім білдірді. Сондай-ақ дипломат студенттердің сұрақтарына жауап берді.
«Ынталы және белсенді студенттермен пікір алмасу – әрқашан үлкен қуаныш. Олардың арасында дипломаттар, ғалымдар, журналистер, кәсіпкерлер және Қазақстанды шетелде таныта алатын адамдар көп болатынына сенімдімін. Дипломатиялық және университеттік қауымдастықты тоғыстырған осы тамаша іс-шараның бір бөлігі болу – мен үшін үлкен мәртебе әрі қуаныш», – деді Луис Франсиско Мартинес Монтес.
Айта кетейік, Испания Қазақстанның Еуропадағы маңызды серіктесі болып табылады. Қазақстандық нарықта ондаған испандық компаниялар бар, ал мемлекеттер арасындағы тауар айналымының көлемі өткен жылы 2 миллиард доллардан асты.


