Maqsut Narikbayev University-де Франция Сыртқы істер министрлігінің дін мәселелері жөніндегі кеңесшісі Жан-Кристоф Посель қонақ дәріс оқыды. Дипломат француз секуляризмінің құқықтық және саяси негіздері туралы баяндама жасады.
Дәріс барысында қазіргі француз қоғамының конфессияаралық қатынастар саласында кездесіп отырған өзекті сын-қатерлері талқыланды. Дипломат мәселені діни және саяси тұрғыдан жан-жақты талдап берді. Дәрістің тыңдаушылары «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері болды.
Айта кетейік, Жан-Кристоф Посель Қазақстанға Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысу аясында сапармен келген. «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбындағы маңызды шара ертең Астанада басталады.
