MNU Logo
Халықаралық ынтымақтастықты нығайту: MNU-ға дипломаттар, ғалымдар мен әлемдік деңгейдегі сарапшылар келді - MNU

29.05.2025

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту: MNU-ға дипломаттар, ғалымдар мен әлемдік деңгейдегі сарапшылар келді

Осы аптада Maqsut Narikbayev University шетелдік жетекші сарапшылардың басқосу мен маңызды академиялық іс-шаралар алаңына айналды. Бұл университеттің ашық, жаһандық бағытталған және қарқынды дамып келе жатқан академиялық орталық ретіндегі мәртебесін тағы да растады.

Халықаралық сарапшылардың ашық дәрістері

Халықаралық серіктестікті дамыту және ашық білім беру диалогы аясында ұйымдастырылған дәрістер жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге арналып, климаттық сын-қатерлерден бастап көпжақты дипломатияның болашағына дейін талқыланды.

27 мамырда MNU-да БҰҰ жүйесінде халықаралық дипломатия, орнықты даму және экологиялық саясат салаларында 30 жылдан астам тәжірибесі бар сарапшы Джошуа Линкольн дәріс оқыды. Қазіргі уақытта ол АҚШ-тағы Tufts University аға ғылыми қызметкері. Бұған дейін ол БҰҰ-ның Женева, Палестина және Йемендегі өкілдіктерін басқарған. Оның «The Rocky Road to our Better Future: managing the Net Zero transition and global pollution challenges in uncertain times» тақырыбындағы дәрісі көміртегі бейтараптығына жету жолындағы стратегиялық және практикалық аспектілерге арналды.

Келесі күні университетке халықаралық қатынастар саласындағы Еуропаның ең беделді оқу орындарының бірі – Geneva Graduate Institute (Швейцария) директоры, профессор Мари-Лор Саль келді. Оның «Towards a multilateralism for the future: The need for political innovation and imagination» атты дәрісі XXI ғасырдағы көпжақты ынтымақтастықтың рөлін қайта қарастыруға шақыру болды.

Канада Елшісі қатысуымен халықаралық дөңгелек үстел

28 мамырда MNU-ға Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі Канаданың Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристофер Дагган келді. Ол MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаевпен кездесіп, ынтымақтастық бағыттарын және қонақ дәрістерін ұйымдастыруды талқылады.
Сондай-ақ Елші жылдам өзгеріп жатқан әлемдегі көші-қон саясаты мен мобильділікті басқару мәселелеріне арналған халықаралық дөңгелек үстелге қатысты.

MNU Провосты Сергей Пен Қазақстан мен Канаданың географиялық қашықтығына қарамастан, көші-қон және әлеуметтік саясат саласындағы ортақ сын-қатерлерге тап болатынын атап өтті. Ол университеттің диалог, тәжірибе алмасу және бірлескен шешімдер әзірлеу алаңы ретіндегі рөлін атап өтті.

Канадалық делегация құрамында Канаданың мемлекеттік және сараптамалық құрылымдарының өкілдері – Коринн Принс пен Сью Сэдлер, сондай-ақ, Carleton University қауымдастырылған профессоры және MNU-дың шақырылған профессоры Мартин Гайгер болды.
Талқылауға Қытайдың Chongqing University профессоры Яди Чжан және Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары мен азаматтық қоғам өкілдері де қатысты. Бұл кездесуге шын мәнінде халықаралық және пәнаралық сипат берді.

Халықаралық ұйымдар басшылары MNU-да

28 мамырда Maqsut Narikbayev University-ге халықаралық ұйымдардың басшылары келді. MNU Еуропалық перспектива және қауіпсіздік институтының (Франция) президенті Эммануэль Дюпюи мен Бейбітшілік және дипломатия институтының (Канада) атқарушы директоры Юнес Зангиабадиді қабылдады. Сонымен қатар 30 мамырда университетке Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (Швейцария) даму үстіндегі және өтпелі экономика елдері департаментінің директоры Хабип Асан келеді. Ол «Зияткерлік меншік саласындағы білім беру: мүмкіндіктер мен перспективалар» атты дөңгелек үстелде сөз сөйлейді. Іс-шараға MNU басшылығы, мемлекеттік органдар мен сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысады.

Айта кетейік, Maqsut Narikbayev University халықаралық ынтымақтастық, сараптамалық кездесулер мен жаһандық пікірталастар үшін жетекші академиялық алаң ретіндегі позициясын жүйелі түрде нығайтып келеді. Мұндай сапарлар стратегиялық серіктестікті дамыту мен университеттің білім беру және зерттеу көкжиегін кеңейтудегі маңызды қадам болып табылады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз