Тәлімгерлік – бұл студенттерге мансапта жаңа деңгейге көтерілуге және осы саланың кәсіби мамандарынан үйренуге көмектесетін бірегей университеттік жоба.
Университет студенттеріне тәлімгерлік – бұл студенттер мен тәлімгерлердің өзара әрекеттесу үрдісі, оның мақсаты тәлімгердің тәжірибесі мен білімін беру және студенттерге оқу, ғылыми-зерттеу және қоғамдық жұмыстарда қолдау көрсету болып табылады.
Студенттерге тәлімгерлік келесі міндеттер арқылы жүзеге асырылады:
- Студенттермен практикалық жұмыс тәжірибесімен бөлісу;
- Студенттермен бірге практикалық тапсырмалар мен кейстерді шешу;
- Студенттермен бірлесіп зерттеу жүргізу, бірлескен мақалалар, тезистер, ғылыми еңбектер дайындау және жариялау;
- Тәлімгерлік ұйымы шеңберінде студенттерге тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру;
- Студенттерге мансаптық жоспарлау бойынша кеңес беру.
