MNU Logo
MNU студенттері менің өмірімдегі ең үздік сұрақтарды қойды – Penn State University профессоры Стивен Барнс - MNU

13.02.2026

MNU студенттері менің өмірімдегі ең үздік сұрақтарды қойды – Penn State University профессоры Стивен Барнс

Maqsut Narikbayev University Пенсильвания штаты университетімен (Penn State University) табысты ынтымақтастықты жалғастыруда. Жоғары оқу орнында американдық университеттің профессоры Стивен Барнстың қонақ дәрісі өтті.

Стивен Барнс
 болашақ заңгерлер мен дипломаттарға АҚШ-тың конституциялық құрылымы және заңнамасы туралы айтып берді. Профессор американдық құқықтық жүйенің негізгі ерекшеліктерін таныстырды, сондай-ақ АҚШ пен Қазақстанның конституциялық үлгілеріне салыстырмалы талдау жүргізіп, мемлекеттілікті дамытудағы құқықтық дәстүрлердің маңыздылығын атап өтті. Дәріс барысында сондай-ақ Қазақстанда өтетін жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдум жөнінде пікір алмасылды.

«Мен MNU-да бірнеше рет болдым, алайда бұл дәрістің маңызы ерекше. Студенттердің ағылшын тілін жақсы білуіне шын жүректен таң қаламын. Бұл дәріс емес, баспасөз конференциясы сияқты сезім болды, себебі мен әдетте кәсіби журналистер қоятын сұрақтарды естідім. Мен көп елде болдым, олардың арасында АҚШ, Үндістан және Колумбиядағы жастармен кездесулер де бар. Алайда, MNU студенттерінің сұрақтары менің өмірімдегі ең үздік сұрақтар болды десем қателеспеймін. Бұл өте жоғары деңгей», – деді Стивен Барнс.

Айта кетейік, MNU мен Penn State University бірлесіп қос дипломдық бағдарламаны жүзеге асыруда. 170 жылдық тарихы бар Penn State University АҚШ-тың ірі зерттеу жоғары оқу орындарының бірі.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз