MNU Logo
MNU студенттері жаңа Конституция жобасын сарапшылармен талқылады - MNU

19.02.2026

MNU студенттері жаңа Конституция жобасын сарапшылармен талқылады

Академиялық қоғамдастық жаңа Конституция жобасын кеңінен талқылауда. Maqsut Narikbayev University-де сарапшылар мен студенттердің қатысуымен диалог алаңы өтті.

Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылған пікірталас барысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері сөз сөйледі. Олар Конституциялық комиссия жұмысының қорытындылары туралы айтып, жаңа Ата заң жобасының ережелерін түсіндірді. Respublica партиясы елордалық филиалының төрағасы Шыңғыс Түсіпбаев қолданыстағы және ұсынылып отырған жаңа Конституцияның салыстырмалы талдауын көрсетті.

«Бастапқы нұсқада жекелеген ережелер жалпыланған. Жаңа редакцияда дербес деректерді қорғау, цифрлық құқықтар және неке институтын реттеуді қоса алғанда, нормаларды іске асыру тетіктері нақтыланады», – деді Шыңғыс Түсіпбаев.

Диалог алаңы республикалық референдумға дайындық аясында өтті. Коалиция мүшелері іс-шара қатысушыларын дауыс беруге белсене қатысуға және өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды. Сондай-ақ олар студенттердің сұрақтарына жауап берді.

«Конституциядағы ең бастысы – білім мен ғылымның басымдығы. Студенттер үшін өз құқықтарын білу маңызды, ал жаңа жоба сапалы білім алу мен даму үшін, сонымен қатар ғылыми қызметке қатысу үшін кең мүмкіндіктер ашады», – деді Паралимпиадалық жаттығу орталығының атқарушы директоры Әбдусаид Назаров.

Айта кетейік, бұған дейін MNU-да жаңа Ата заң жобасын талқылауға арналған бірқатар іс-шаралар өткен болатын.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз