MNU Logo
«Таза Қазақстан»: MNU-да жаңа гүлзардың құрылысы басталды  - MNU

26.04.2025

«Таза Қазақстан»: MNU-да жаңа гүлзардың құрылысы басталды 

Maqsut Narikbayev University-де (MNU) жаңа гүлзардың құрылысы басталды. Абаттандыру жұмыстары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында жүргізілуде.

Бүгін MNU студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері қалалық сенбілікке қатысып, ағаштар отырғызды. Іс-шара Астана қаласы «Нұра» ауданының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылды және гүлзарға айналатын Фемида алаңын қайта жөндеу жұмыстарының басталуы маңызды оқиға болды.

«Maqsut Narikbayev University Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын қолдайды және бірқатар экологиялық іс-шаралар өткізеді. Бүгін қалалық сенбілік күні біз ағаштар отырғызып, университет алдындағы гүлзардың құрылысын бастадық. Жаңа гүлзар елорданың көрікті жерлерінің бірі және жас ұрпақ үшін тартымды орын болатынына сенімдімін. Бұл біздің жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға қосқан үлесіміз», – деді MNU басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.

Талғат Нәрікбаев атап өткендей, құрылыс жұмыстарын осы жылдың шілде айында аяқтау жоспарланған. Қайта құру және көгалдандыру бойынша ауқымды жоба шамамен 200 ағаш, 10 мыңнан астам жапырақты және қылқан жапырақты бұталар және 2 500-ге жуық өсімдіктер отырғызуды қамтиды. Сонымен қатар, іс-шаралар өткізуге және демалуға арналған алаң мен коворкинг аймағының пайда болуы, шағын архитектуралық нысандар мен орындықтар орнатылуы, көгал төсеу қарастырылған.

«MNU-мен «Нұра» ауданы тығыз жұмыс істеп жатыр. Сіздердің бастауынызбен осындай гүлзар университеттің алдында абаттандырылып, көгалдандыруда. Жобаға қарағанда сіздің гүлзар қаламыздың ең үздік гүлзарларының бірі болады. Соған біз де сенеміз. Бірлесіп қаламызды таза және жасыл қылайық», – деді Астана қаласы «Нұра» ауданының әкімі Ришат Тұрдыбеков.

Айта кетейік, абаттандырудың жалпы ауданы шамамен 11,4 мың шаршы метрді құрайды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз