Maqsut Narikbayev University-де Tengrinews ақпараттық порталының стипендияларың табыстау рәсімі өтті. Сертификаттарды Халықаралық журналистика мектебінің үш студенті алды.
Биыл стипендияға Аружан Аманғалиева, Руслан Базарбаев пен Полина Саам ие болды. Болашақ журналистерді Tengrinews бас редакторы Айсұлтан Құлшыманов құттықтады. Оның айтуынша, стипендия студенттерге ақпараттық порталда өндірістік практикадан өту мен жұмысқа орналасу мүмкіндігін береді.
Айта кетейік, 2023 жылы MNU мен Alash Media Group медиахолдингі ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Медиахолдинг Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz ақпараттық порталдарын және «Жұлдыз FM», «Ретро FM Қазақстан» радиостанцияларын біріктіреді. Халықаралық журналистика мектебінің деканы Айгүл Жамалова серіктестерге болашақ журналистерге қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, Tengrinews редакциясын 15 жылдығымен құттықтады.
Бұған дейін стипендияны MNU-дың алты студенті алған болатын. Сондай-ақ бірнеше стипендиат Tengrinews-ке жұмысқа орналастырылды.

 
 
 
