Maqsut Narikbayev University-де KAZGUU Law School Бизнес-кеңесінің жыл сайынғы отырысы өтті.
Онда KAZGUU Law School жұмысының нәтижелері мен келесі оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының жаңа курстары ұсынылды. Сондай-ақ, оқулықтарды мемлекеттік тілге дұрыс аудармауға байланысты заң кадрларын даярлаудағы бар проблемалар белсенді талқыланды.
Кеңеске қатысушылар жасанды интеллекттің заң нарығына әсері туралы пікірталас жүргізді. Бизнес-кеңес нәтижелерді талдау және түсіндіру, этикалық шешімдер қабылдау және заманауи технологияларды тиімді пайдалану сияқты болашақта сұранысқа ие болатын дағдыларды дамыту үшін белсенді жұмыс істеу керек деген қорытындыға келді.